Энергетикалық сусынды өте көп ішкен жұмысшылар қайтыс болды

19 Шілде, 11:01
0
Энергетикалық сусынды өте көп ішкен жұмысшылар қайтыс болды - © nashezdorovie.info
© nashezdorovie.info

Индонезияның Джакарта провинциясында екі құрылысшы өте көп энергетикалық сусын ішіп қайтыс болды. Бұл туралы AsiaOne порталына сілтеме жасап Lenta.ru сайты хабарлады. 

Полиция ақпараты бойынша, Агус пен Ахмад Рийононың денесін 16 шілдеде олардың басшысы тауып алған. Ер адам құрылысшылар жұмыстан қашып жүр деп ойлап олардың жалдамалы пәтеріне барған. Үйде жұмысшылардың денесінен бөлек, ұнтақты энергетиктердің бос пакеттері, екі бөтелке энергетикалық коктейль мен екі бөтелке су табылған. 

"Олар энергетикалық сусындарды артық мөлшерде ішкеннен қаза тапты деп ойлаймыз. Екеуі құрғақ энергетиктің бір қаптамасын ішіп қойған. Оның үстіне, күні бойы ештеңе жемеген", - дейді криминалист Том Сираит.

Полицейлер ер адамдардың денесінен зорлық-зомбылық ізін таппаған. "Оқиға орнында күрес белгілері болмады. Олар қарапайым қара жұмысшылар. Шаршаған кезде осындай сусындар ішеді", - дейді Сираит. 

Қазір өліктерді ашып зерттеу үшін олардың денелері жергілікті ауруханаға жеткізілді. 

Получить короткую ссылку

Тегтер:

  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай