25 шілде 2022 | 14:41

ЕО даниялық компанияның маймыл шешегіне қарсы вакцинасын мақұлдады

Сұлу Бөлек Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото Depositphotos Фото Depositphotos

Еуропалық комиссия даниялық Bavarian Nordic (BAVA.CO) биотехнология компаниясына маймыл шешегіне қарсы вакцинаны сатуға рұқсат берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап.


Еуропалық комиссия даниялық Bavarian Nordic (BAVA.CO) биотехнология компаниясына маймыл шешегіне қарсы вакцинаны сатуға рұқсат берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

Агенттік мәліметінше, Bavarian вакцинасы, АҚШ пен Канадада маймыл шешегінің алдын алу үшін бекітілген жалғыз вакцина.

"Мақұлданған вакцина елдердің ауруға қарсы күресуге дайындығын айтарлықтай жақсарта алады, бірақ инвестициялық және құрылымдық биодайындық жоспарланған жағдайда ғана", - деді Bavarian атқарушы директоры Пол Чаплин.

Компания вакцинаны ЕО-ның бірнеше еліне маймыл шешегінің өршіп тұрған кезінде мақсатынан тыс пайдалану үшін жеткізді. Екпе Еуропалық Одаққа мүше барлық елде, сондай-ақ Исландия, Лихтенштейн және Норвегияда жарамды екені атап өтілген.

Бұған дейін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) басшысы Тедрос Адханом Гебрейесус маймыл індетін жаһандық денсаулық сақтау саласындағы төтенше жағдай деп жариялаған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 479.16   534.99   5.18 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети