11 қазан 2022 16:47

ЕО Ресейге қарсы тоғызыншы санкциялар пакетін дайындап жатыр - БАҚ

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:elements.envato.com Фото:elements.envato.com

Еуроодақ Ресейге қарсы тоғызыншы санкциялар пакетін әзірлеп жатыр. Бұл туралы "Азаттық радиосы" халықаралық медиа-компаниясының Еуропадағы редакторы Рикард Йозвяк мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Еуроодақ Ресейге қарсы тоғызыншы санкциялар пакетін әзірлеп жатыр. Бұл туралы "Азаттық радиосы" халықаралық медиа-компаниясының Еуропадағы редакторы Рикард Йозвяк мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Рикард Йозвяк Twitter-парақшасында санкциялар пакеті ресейлік активтерді тәркілеу, мүлікті сатуға тыйым салу және алдыңғы раундтарда қарастырылған басқа да мәселелерді қамтуы мүмкін екенін айтты.

"Қазірдің өзінде ЕО-ның Ресейге қатысты жаңа санкциялар пакеті бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр", - деп жазды Йозвяк.

Оның айтуынша, жаңа санкциялар пакетінде Беларуське қатысты шектеулер де болуы мүмкін, өйткені ол бұрынғыға кірмеген.

Еуроодақтың сыртқы саясат жөніндегі өкілі Питер Стано 10 қазанда өткен брифингте Александр Лукашенко Ресейге Украинамен соғыста белсенді түрде көмектесетін болса, Беларусь ЕО-ның жаңа шектеу шараларына тап болатынын айтты. Сонымен қатар, Еуропалық Одақ Лукашенконың Украинаға Беларусь территориясына шабуыл жасауды жоспарлауға қатысты айыптауынан хабардар, деді ол.

"Лукашенконың Беларусь-Ресей әскерлерінің біріккен тобын құру туралы мәлімдемесін естідік. Бұл Еуроодақтың назарынан тыс қалмайтын эскалацияның тағы бір мысалы", - деп түйіндеді Стано.

Еске салайық, кейінгі аптада ғана ЕО кеңесі Ресейге қарсы санкциялардың сегізінші пакетін мақұлдаған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети