17 наурыз 2017 13:30

Ер адам баласын аңдимын деп әйелінің бөтен еркекпен жыныстық қатынасқа түскенін видеоға түсіріп алған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ресейдің Краснодар қаласының тұрғыны Андрей Немченко бір жасар баласының бойындағы өзгерістерді байқап, үйінде видео бақылау камерасын орнатқан. L!FE мәліметінше, 29 жастағы ер адамның айтуынша, баланың жүйкесі сыр беріп, жиі шошып, зор дыбыстардан қорқатын болған, тіпті ойыншықтармен ұят әрекеттерді жасайтын болған. 

"Сенька бұтына жіберіп қоятынды шығарды. 15 минут ішінде үш рет кіші дәретке баратын болды, мұндай жағдай ешқашан болмаған. Тіпті денесі көгеріп кеткен. Сондықтан мен жоқта үйде не болатынын білу үшін видео бақылау камерасын орнаттым", - дейді ол.

Алайда видеоға түсіп қалған кадрларды көріп, ер адам жағасын ұстаған: 23 жастағы әйелі бір жасар баласы Арсенийдің көзінше бөтен адаммен жыныстық қатынасқа түскен. Кадрлардан олардың баланы байқамастан, жыныстық қатынасқа түскенін байқауға болады. 

Андрей Немченконың айтуынша, өзі ұзақ уақытқа іссапарға кетіп жұргенде әйелі көңілдесін жиі шақырып тұрған. 

"Балаға айғайлап, былапыт сөз айтқан, бірақ мұның барлығы да маңызды емес, маңыздысы бөтен ер адамның үйіме келгені болды. Балам бізбен бір бөлмеде жатады. Ол ұйқыдан оянып кетіп, анасының бөтен ер адаммен жыныстық қатынасқа түсіп жатқанын көрген", - дейді ер адам.

Осыдан кейін Андрей баласын өз қолына алып, әйелімен ажырасуды ұйғарған. Айтуынша, әйелінің мұндай қылықтары баланың психикасына теріс әсер етеді.

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети