12 қазан 2022 09:23

Ердоған Астанада Путинмен кездесіп, Украина бойынша ұсыныс жасамақ

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: РИА Новости Фото: РИА Новости

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Астанада Владимир Путинмен кездесіп, Мәскеу мен Батыс арасындағы Украинаға қатысты келіссөздерде бітістіруші болуды ұсынбақ. Бұл туралы Түркия басшысының ресми өкілі Ибрагим Калын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ИноСМИ сайтына сілтеме жасап.

"Президент Ердоған Путинмен перспективаны, атысты тоқтатуға қолжеткізуге болатын қадамдарды талқылайды (Украинада)", - деді Калын.

Екіжақты кездесу 13 қазанда Азиядағы өзара іс-әрекет және сенім шаралары жөніндегі кеңестің (АӨСШК) саммитінде өтуі тиіс. Бұған дейін Владимир Путиннің баспасөз хатшысы Түркия президентімен келіссөз болуы мүмкін екенін жоққа шығармаған еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети