27 қараша 2017 09:32

Ердоған жемқорлығы дәлелденсе отставкаға кететінін мәлімдеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған оппозициялық Халық-республикалық партиясының лидері Кемал Кылычдароглу ел басшысының жемқор деп айыптауына дәлел табылса отставкаға кететінін мәлімдеді, - деп хабарлайды NTV


Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған оппозициялық Халық-республикалық партиясының лидері Кемал Кылычдароглу ел басшысының жемқор деп айыптауына дәлел табылса отставкаға кететінін мәлімдеді, - деп хабарлайды NTV

Ердоған басқаратын әділдік және даму партиясы бұған дейін де Түркия премьер-министрі Бинали Йылдырымның балаларының офшор компанияларына қатысы бар делінген жарияланымдардың парламентте қаралуына тыйым салған болатын. Кылычдароглу парламенттегілердің шешімін сынға алып, Ердоғанды өз мүлкі жайлы мәліметтерді ашық жариялауға шақырған, себебі, айтуынша, түрік президентінің туыстары, балалары және жолдастары офшор компанияларына бірнеше миллион доллар құйған. 

Мемлекет басшысының адвокаттары оппозиционердің бұл сөзімен келіспей, сотқа шағымданып, 380 мың доллар өтемақы талап еткен. 

"Егер дәлел болса, ұсыныңыздар. Мен жауап беремін. Ал болмаса, кедергі болып отырсыздар, кешіріңіздер. Тайип Ердоғанның қай шетелдік банкте есепшоты бар екенін дәлелдесін. Дәлелдемесе - саясаттан кетсін. Ал егер дәлелдесе, мен өз қызметімді тастап кетемін", - деді Ердоған телеарна эфирінде.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 445.66   490.7   4.78 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети