01 сәуір 2022 09:41

Ердоған Қарабақта қақтығыстың шиеленісуіне пікір білдірді

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Reuters © Reuters

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған жақында Әзербайжан мен Армения арасындағы шиеленістің жаңа раунды болған Қарабақ қақтығысына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Анадолу" басылымына сілтеме жасап.


Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған жақында Әзербайжан мен Армения арасындағы шиеленістің жаңа раунды болған Қарабақ қақтығысына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Анадолу" басылымына сілтеме жасап.

Түркия басшысының айтуынша, Баку үш жақты мәлімдеменің барлық шарттарын мүлтіксіз орындайды және Әзербайжан тарапы ешқандай келісімді бұзған жоқ.

"Әзербайжан шабуылға тап болып, қарсы тұруға мәжбүр болды. Үш жақты мәлімдеменің шарттарына сәйкес, Армения қарулы құрылымдары Әзербайжанның халықаралық мойындаған аумақтарынан шығарылуы керек", - деді Ердоған.

26 наурызда Ресей қорғаныс министрлігі Таулы Қарабақтағы Әзербайжан қарулы күштері Ресей бітімгершілік миссиясының жауапкершілік аймағына кіріп, мойындалмаған республика армиясының бөлімшелеріне шабуыл жасағанын хабарлады.

Баку "эскалация ресейлік бітімгершілік контингенті уақытша орналасқан Әзербайжан аумағында болды" деп жауап берді. Сондай-ақ олар Ресейден "Таулы Қарабақ" деген сөзді қолданбауды және Әзербайжан аумақтарының атауын дұрыс қолдануды сұрады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети