Түркияның президенті Тайып Ердоған Анкарадағы жарылысты айыптап, терроризммен күресті күшейтетуге уәде берді, - деп хабарлайды РИА Новости.
Түркияның президенті Тайып Ердоған Анкарадағы жарылысты айыптап, терроризммен күресті күшейтетуге уәде берді, - деп хабарлайды РИА Новости.
"13 наурызда Анкарада болған жарылысты үзілді-кесілді айыптаймын. Қаза болғандардың туыстарына көңіл айтамын және жарақат алғандарға тез жазылуын тілеймін. Өңірдегі тұрақсыздықтан соңғы жылдары Түркия лаңкестердің нысанына айналды. Лаңкес ұйымдар да, оны қолданатындар да біздің азаматтарымызды нысанға алып, ең арсыз әрі арамза жолды таңдады. Терорризмге қарсы күрес қуатты бола түсті. Бұл күрестің арты жеңіске әкеледі, ал лаңкестер тізерлейді", - делінген Түркия президентінің мәлімдемесінде.
Жарылыс кеше, 13 наурызда кешкі уақытта Түркия премьер-министрінің Гүвен саябағының маңында орналасқан кеңселерінің біріне таяу жердегі автобус аялдамасында болған. Екі автобустың ортасында тұрған автомобиль жарылып кеткен. Жарылыс сәті видеотіркеу құрылғыларының біріне жазылып қалған.