Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 333.08
EUR / KZT - 391.50
CNY / KZT - 50.00
RUB / KZT - 5.64

Анкарадағы жарылыстан қаза болғандардың саны 34-ке жетті

14 Наурыз 2016, 09:22
0

Анкараның орталығында жарылыс болып, оның салдарынан 34 адам қаза болды, - деп хабарлайды РИА Новости Түркияның денсаулық сақтау министрі Мехмет Мюеззиноғлыға сілтеме жасап. Бастапқыда 27 адамның қаза тапқаны және 75 адамның зардап шеккені хабарланған еді. 

"30 адам оқиға орнында қаза болды, қалған төртеуі ауруханада көз жұмды. Біздің болжамымызша, бір немесе екі өлімші террор бар. 125 адам зардап шекті, олар қазір 19 ауруханаға жеткізілді, жарақат алған 19-ының жағдайы ауыр, жетеуіне ота жасалып жатыр", - деп мәлімдеді министр.

Жарылыс кеше, 13 наурызда кешкі уақытта Түркия премьер-министрінің Гүвен саябағының маңында орналасқан кеңселерінің біріне таяу жердені автобус аялдамасында болған. Екі автобустың ортасында тұрған автомобиль жарылып кеткен. Жарылыс сәті видеотіркеу құрылғыларының біріне жазылып қалған. 


© AFP


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай