15 қаңтар 2021 08:18

Ердоған тікелей эфирде вакцина салдырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото © twitter/RTErdogan Фото © twitter/RTErdogan

14 қаңтарда Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанға баспасөздің көзінше коронавирусқа қарсы вакцинаның екі дозасының біріншісі салынды. Анкарада ауруханада өткен процедура тікелей эфирде көрсетілді, - деп хабарлайды "Анадолу".

Вакцина салдырғаннан кейін Ердоған Twitter және Telegram желісінде жазды.

Мемлекет басшысына CoronaVac вакцинасы салынды. Оны Түркия Қытайдың Sinovac Biotech компаниясынан сатып алды. Daily Sabah мәліметінше, елге бұл препараттың үш миллион дозасы әкелінген.

Түркия президенті ел тұрғындарының тезірек вакцина алатынына үміт білдірді. Оның айтуынша, Қытайдан тағы 25-30 миллионға жуық доза жеткізілген.

"Біздің вакцинация бағдарламамыздың арқасында 254 мың медицина маманы вакцинаның бірінші дозасын алды. Мен де оларға қосылып, вакцина салдырттым", - деді түрік басшысы.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.57   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети