25 наурыз 2022 23:09

Ердоған Зеленскиймен және Путинмен келіссөз жүргізеді

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©REUTERS Фото ©REUTERS

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Украина президенті Владимир Зеленскиймен және Ресей президенті Владимир Путинмен келіссөз өткізуді жоспарлап отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап.


Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Украина президенті Владимир Зеленскиймен және Ресей президенті Владимир Путинмен келіссөз өткізуді жоспарлап отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

Ердоған Брюссельдегі НАТО саммитінен кейін журналистерге берген сұхбатында алдағы күндері украиналық және ресейлік әріптестерімен бөлек сөйлесетінін айтты.

©REUTERS

"Бүгін (25 наурыз - Ескерту) Зеленскиймен, демалыс күндері немесе келесі аптаның басында Путинмен сөйлесемін", - деп түрік көшбасшысы НАТО саммитін Украина және Ресей президенттерімен талқылайтынын айтты.

Ердоған Түркияның географиялық жағдайына және Ресей және Украинамен қарым-қатынасына байланысты бұл қақтығыста ерекше орынға ие екенін атап өтті. Сондай-ақ Түркияның энергияға мұқтаждығы мен ынтымақтастығы себепті Ресейге санкция сала алмайтынын мәлімдеді.

"Біз тұтынатын табиғи газдың жартысына жуығын Ресейден сатып аламыз. Сонымен қатар, біз "Аккуй" атом электр станциясын Ресеймен бірге салып жатырмыз. Оны тоқтата алмаймыз. Сондықтан бұл жерде ештеңе істеуге болмайды. Біріншіден, мен өз халқымды газсыз қалдыра алмаймын, екіншіден, өнеркәсіпті тоқтата алмаймын", - деп түсіндірді Ердоған.

Бұған қоса, Түркия президенті украиналық және ресейлік әріптестері келіссөз барысында талқыланған алты негізгі мәселенің төртеуі бойынша келісімге келгенін, бірақ шығыстағы Донбасс пен Қырым аймағына қатысты дауға келісе алмай жатқанын айтты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.73   490.7   4.88 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети