11 сәуір 2021 12:41

Ердоған Зеленскиймен кездесуде "Қырымның аннексиялануын мойындамайтынын" айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: president.gov.ua Фото: president.gov.ua

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Украина президенті Владимир Зеленскиймен кездесуде Украинаның аумақтық тұтастығын, тәуелсіздігін және егемендігін қолдайтынын және Түркияның "Қырымның аннексиялануын мойындамау" туралы түбегейлі шешімін растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Президенттер жүргізген әңгімені Украина басшысының сайтында жарияланды. 

"Біз Украинаның шығысындағы жағдайды халықаралық заңнама шеңберінде аумақтық тұтастық сақталатындай етіп бейбіт жолмен шешу керек деп санаймыз. Шиеленісті азайту үшін эскалацияны мүмкіндігінше тезірек тоқтату керек және Минск келісімдерінің шарттарын орындау аясында бітім қайта жандануы керек", - деді Ердоған. 

Зеленский түрік басшысына Қырым түбегіндегі адам құқығының бұзылуы және оның жалғасып жатқан милитаризациясы туралы айтты. Ол Ердоғанға "Қырым платформасы" форматына қосылуға дайын екені үшін алғыс айтты.

"Түркия Украинаның тәуелсіздігін, егемендігін және аумақтық тұтастығын қолдайды. Біз Қырымның заңсыз аннекциясын мойындамаудың негізгі қағидасын растадық. Сонымен қатар, біз Украинаның жерлерін біріктіруге арналған Қырым платформасын қолдайтынымызды мәлімдедік", - деді Реджеп Ердоған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети