05 сәуір 2019 11:09

Эстонияны БҰҰ-дан шығару ұсынылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мемлекеттік думаның білім және ғылым комитеті жөніндегі төрағасының орынбасары Борис Чернышов БҰҰ бас хатшысы Антон Гутеррешке Эстонияны Бүкіләлемдік ұйымнан шығару туралы өтініш жолдады, - деп хабарлайды РИА Новости.

Басылымның мәліметінше, оған Эстония президенті Керсти Кальюлайдтың орыс тілі эстон тілі мен мәдениетіне қауіп төндіреді деп айтқан сөзі себеп болған.

"Сізден Эстонияны Біріккен Ұлттар Ұйымының тізімінен алып тастауды сұраймыз. Себебі ол елдің басшылығы орыс тілді халықтың құқықтарын бұзғанынан бөлек, әлемде фашизмнің өршуіне және орыс тілді халықтың геноцидіне себепші болды", - деді Борис Чернышов хатында.

Бүгінде Эстониядағы орыс тілді мектептер мен гимназияларда бірнеше сабақ эстон тілінде жүреді екен. Басылымның мәліметінше, Эстонияда орыс тілінде білім алуға болатын 74 мектеп бар.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети