06 сәуір 2022 17:45

Еуроодақ Украинаны қаруландыруды жалғастырады - Боррель

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: ©REUTERS Фото: ©REUTERS

Еуроодақ (ЕО) Украинаны қаруландыруды жалғастырады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Еурокомиссия сайтына сілтеме жасап.


Еуроодақ (ЕО) Украинаны қаруландыруды жалғастырады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Еурокомиссия сайтына сілтеме жасап.

Еуроодақтың сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі жоғарғы өкілі Жозеп Боррель одақ Ресеймен тікелей қақтығысты болдырмай, Украинаға "көбірек қару беруге" дайын екенін айтты.

"Біз Украинаны қолдауды жалғастыруымыз керек. Соғыс тезірек аяқталғанын қалаймыз", - деді ол.

Боррель еуропалық серіктестер Украинадағы қақтығыстың тезірек тоқтағанын қалайтынын айтты.
 
Бұл ретте Чехия Украинаға танктер жіберілгенін растады. Чехия парламентінің Еуропалық істер жөніндегі комитеті басшысы Ондржей Бенешик Чехия Украинаға жаяу әскердің жауынгерлік машиналары мен Т-72 танктерін жеткізгенін айтты.

Бұған дейін Жозеп Боррель ЕО Ресеймен соғыспайды, бірақ қазіргі жағдайда Украинаны қолдайтынын айтқан.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.41   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети