02 ақпан 2021 12:34

Еуропада COVID-19-ға жалған тест анықтамалар сатыла бастады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:elements.envato.com Фото:elements.envato.com

Еуропалық Одақтың полиция қызметі Еуропа елдерінің әуежайында қылмыстық топтар жалған COVID-19 сынақ сертификаттарын сата бастағанын ескертті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Еуропалық Одақтың полиция қызметі Еуропа елдерінің әуежайында қылмыстық топтар жалған COVID-19 сынақ сертификаттарын сата бастағанын ескертті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Одақ мәліметіне сүйенсек, ирландиялық ұйымдасқан топ елдер арасында саяхаттайтын адамдар үшін жалған коронавирус сынама нәтижелерін сатып, жүйеге тіркеген.

"Пандемияға байланысты саяхатқа шығуға шектеу шаралары алынбайтын болса, қылмыскерлер жалған тестілеу сертификаттарын шығаруды және сатуды тоқтатпауы мүмкін", - делінген Еуропол мәлімдемесінде.

Ескерту саяхатшыларға сатылған жалған туристік анықтамаларды қолданған бірнеше жағдай анықталғаннан кейін хабарланды.

Былтыр Франция полициясы Париж маңындағы Шарль Де Голль әуежайында алаяқтық топты құрықтады. Олар 350 долларға жуық (148 мың теңгеден астам) ақшаға жалған сертификаттарды сатқан. Испания полициясы жалған құжаттарды интернетте 40 еуроға (шамамен 20 мың теңге) сатқан адамды қамауға алды, ал Нидерландыда алаяқтар хабарламамен алмасуға арналған мобильді қосымша көмегімен дәл осындай алаяқтық жасаған.

"Жоғары сапалы принтерлер мен әртүрлі бағдарламалық қамтамасыз ету түріндегі технологиялық құралдардың қолжетімді екенін ескере отырып, алаяқтар сапалы жалған құжаттар шығара алады", - деп ескертті ЕО полиция қызметіндегілер.

Айта кетейік, бұған дейін Қытайда жалған коронавирус вакциналар сатылғаны туралы хабарланған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети