19 мамыр 2021 09:45

Филиппиндерге вакцинаны таңдауға тыйым салынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Reuters/Leandro Salvo Daval Jr. Фото: Reuters/Leandro Salvo Daval Jr.

Филиппин президенті Родриго Дутерте ел тұрғындарына коронавирусқа қарсы вакцинаны таңдауға тыйым салды, - деп хабарлайды PTV телеарнасы. 


Филиппин президенті Родриго Дутерте ел тұрғындарына коронавирусқа қарсы вакцинаны таңдауға тыйым салды, - деп хабарлайды PTV телеарнасы. 

Родриго Дутерте ешкім нақты қандай вакцина салдырғысы келетінін айтпауы керек. 

"Барлық вакцина тиімді. Ешқандай кемсіту болмайды. Вакцинаны таңдай алмайсыз, себебі бәрі бірдей", - деді Филиппин президенті.  

Оның сөзінше, ел тұрғындарының көбі Pfizer және Moderna вакцинасын күтіп жүр. Президент үкімет ешкімді әлеуметтік статусына байланысты бөлмейтінін, бұл мәселеде бәрін бірдей қарайтынын айтты. 

Айта кетейік, Филиппинде Moderna және ресейлік "Спутник V", сондай-ақ Pfizer, AstraZeneca, қытайлық Sinovac және үндістандық Bharat Biotech және Janssen вакцинасын қолдануға рұқсат берілген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети