Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

"Форсаж" фильмінің қайтыс болған актерінің қызы Porsche компаниясын сотқа берді

29 Қыркүйек 2015, 11:46
0
Пол Уокер. © REUTERS
Пол Уокер. © REUTERS

"Форсаж" фильмінің жұлдызы, осыдан екі жыл бұрын жол апатынан қаза тапқан Пол Уокердің қызы немістің Porsche автоқұрылыс компаниясын сотқа берді, - деп хабарлайды NBC news.

Мидоу Рейн Уокердің талап арызы бойынша, Porsche Carrera GT моделінде ақаулар болып, соның салдарынан әкесі жол апатына ұшырап, қаза тапқан. Оның ойынша, бұл марканың өзге моделіндерінде бар құрылғылардың бірқатары тап сол көлікте болмаған. 16 жастағы қыздың мәлімдеуінше, көлікте тұрақтандыру жүйесі, есіктерді бекіту және жоғары жылдамдық пен соқтығыстан болатын өртті ескеретін бензин құбыры болмаған. "Пол Уокер Porsche Carrera GT ақаулары болмағанда қазір тірі жүретін еді", - деді актердің қызы. Айта кетейік, қыздың талап етіп отырған өтемақысының мөлшері жарияланған жоқ.

Арызда сонымен қатар, Уокердің өлер алдында сағатына 114 шақырым жылдамдықпен жүргені айтылған. Алайда тергеудің мәліметінше, Лос-Анджелес аймағында жылдамдық сағатына 151 шақырымға дейін көтерілген. Сараптама нәтижелеріне сәйкес, қайғылы жағдай техникалық ақаулардан емес, жылдамдықты асырғаннан болған.

Айта кетейік, "Форсаж" фильмінің жұлдызы Пол Уокер 2013 жылдың қараша айында жол апатынан қаза болды. 40 жастағы актер оның досы Роджер Родас басқарып келе жатқан Porsche GT спорткарында болған. Жүргізуші тізгінге ие бола алмай қалып, автомобиль бағанаға соғылды, салдарынан актер оқиға орнында көз жұмды.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай