27 қыркүйек 2015 21:47

Франция ДАИШ-тың Сириядағы жаттығу лагерін жойды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Францияның әскери әуе күштері ДАИШ-тың Сирияның шығысындағы жаттығу лагерін жойды. Бұл туралы Франция президенті Франсуа Олланд мәлімдеді, - деп хабарлайды РИА Новости.


Францияның әскери әуе күштері ДАИШ-тың Сирияның шығысындағы жаттығу лагерін жойды. Бұл туралы Франция президенті Франсуа Олланд мәлімдеді, - деп хабарлайды РИА Новости.

"Француз ұшақтары Сирияның Дайр-эз-Заур қаласындағы лаңкестердің лагеріне соққы жасады. Нысана жойылды", - делінген хабарламада.

Еске салайық, бүгін, 27 қыркүйекте Елисей сарайының өкілдері Франция әскери әуе күштерінің Сириядағы ДАИШ позицияларын атқылағанын хабарлаған еді. "Біз мұны соңғы екі аптада әуеден бақылау арқылы алынған мәліметтерге негізделе отырып жасадық", - делінген еді Олландтың кеңсесінің баспасөз өкілдері таратқан хабарламада. Сонымен қатар, құжатта соққылардың Францияның АҚШ-тың ДАИШ-ке қарсы халықаралық коалициясы басқаратын серіктестерімен байланыста жасалғаны айтылды.  

Өз кезегінде Францияның премьер-министрі Мануэль Вальс "соққылардың қорғаныс мақсатында" жасалғанын хабарлады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.32   490.7   4.78 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети