1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Жаһан

Франция президентін ұрған адам жазаланды 11 маусым 2021, 09:25

Франция президенті Эммануэль Макронды ұрған Дэмьен Тарель есімді тұрғын төрт айға түрмеге қамалды, - деп хабарлайды РИА Новости.
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
Новостью поделились: человек

Франция президенті Эммануэль Макронды ұрған Дэмьен Тарель есімді тұрғын төрт айға түрмеге қамалды, - деп хабарлайды РИА Новости.

Валанса қаласы сотының шешімі бойынша ер адам дереу жазасын өтеуге аттануы керек. Сонымен қатар, екі жыл ішінде ол жұмыс істеуге немесе оқуға, сондай-ақ психологиялық көмек алуға және жаңа заңбұзушылық жасамауға міндетті.

Сот, сонымен қатар, Тарельге бес жыл ішінде қару ұстауға, сол мерзімде мемлекеттік қызметте болуға тыйым салды. Одан бөлек, Франция президентіне шабуыл жасаған адам үш жылға азаматтық құқығынан айырылды.

Прокуратура 18 айға қамауға алу жазасын талап етті. Тарельдің қорғаушылары мен прокуратураның үкімге қарсы шығып, оны қайта қаратуға 10 күн уақыты бар.

Сот барысында Тарель республика президентін ұрғанын мойындады. Бірақ бұл әрекетіне өкінетінін айтпады.


Дамьен Тарель. © Instagram

Сейсенбі, 8 маусымда Эммануэль Макрон Францияның оңтүстік-шығысындағы Дром департаментіне сапары кезде жиналған тұрғындарға қарай барған. Сол сәтте жиналғандардың біреуі Франция президентін шапалақпен ұрған еді. 

Салдарынан екі адам қамауға алынған. Екінші адам оқиғаны видеоға түсіріп тұрған. Ол қамаудан босатылған. Ер адам тінту кезінде табылған қаруға қатысты деректер бойынша 2022 жылы сотқа шақырылады.

Президентті ұрған ер адамды Франциядағы саясаткерлер, оның ішінде оппозициялық партиялардың жетекшілері айыптады. Макронның өзі бұл оқиғаны асыра сілтеп айта бермеуге шақырып, француздармен кездесуін жалғастыратынын атап өтті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!