Реклама +7(700) 388 81 09
  1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Жаһан

Франция президентін шапалақпен ұрған ер адамның видеосы тарады 08 маусым 2021, 20:32

Франция президенті Эммануэль Макрон елдің оңтүстік-шығысындағы Дром департаментіне сапары кезінде шабуылға ұшырады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
Новостью поделились: человек
  • Қате таптыңыз ба?

Франция президентін шапалақпен ұрған сәт

Франция президенті Эммануэль Макрон елдің оңтүстік-шығысындағы Дром департаментіне сапары кезінде шабуылға ұшырады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

Әлеуметтік желілерде пайда болған видео кадрларында ел президенті адамдарға жақындағанын, ер адамдардың біреуін қолынан ұстап тұрғанын көруге болады, бірақ тұрғын оны ұстап тұрып, екінші қолымен шапалақпен ұрады. Осыдан кейін жағдайға күзетші араласады, Франция президенті бұл маңнан кетіп, ал сақалды адам ұсталады.

Телеарна хабарына қарағанда, оқиғаны Елисей сарайының өкілдері растаған, бірақ олар шапалақ туралы емес, шапалақ жасауға оқталу туралы айтып отыр. Оқиғадан кейін екі адам ұсталған.

Франция премьер-министрі Жан Кастекс президентке қарсы агрессияны айыптады.

"Республика Президентін ұру арқылы демократияға соққы жасалды... Демократия - бұл пікірталас, бұл диалог, бұл идеялардың қақтығысы, бұл келіспеушіліктің заңды көрінісі, әрине. Бірақ бұл ешқандай жағдайда зорлық-зомбылық, ауызша агрессия және одан да физикалық агрессия болмауы керек", - деді Кастекс Ұлттық жиналыс отырысында.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!



Join Telegram