Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Франция соты Мұхтар Әблязовты кепілмен босатудан бас тартты

11 Наурыз 2016, 16:32
1
Мұхтар Әблязов. © РИА Новости
Мұхтар Әблязов. © РИА Новости

Франция соты БТА банкінің бұрынғы басшысы Мұхтар Әблязовтың кепілмен босату туралы өтінішін қанағаттандырмады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі банктің баспасөз қызметінің өкілдеріне сілтеме жасап.

"БТА банкі француз сотының БТА банкінің экс-басшысының кепілмен босату туралы өтінішіне қатысты бүгінгі шешіміне ризашылық білдіреді. Әблязов мырза 2013 жылдың 31 шілдесінде банкке қарсы қылмысқа байланысты қамауға алынған болатын, ол осы қылмыстарды жасады деп Украина мен Ресейде күдікке ілініп отыр", - деп хабарлады банктегілер.

Еске сала кетейік, БТА банкінің бұрынғы басшысы 2013 жылдың шілде айында Францияда тұтқындалған болатын. Ол Қазақстанда 6 миллиард доллардан астам қаржыны жымқырды және басқа да қаржылық алаяқтық жасады деп айыпталып отыр. Қазақстанда оған мүлкін тәркілеумен бірге 13 жылға бас бостандығынан айыру жазасы берілуі мүмкін.


Нравится
Поделиться
Пікірлерді көру (1)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай