03 мамыр 2016 09:13

Францияда ер адам іш пыстыратын жұмыс тапсырған басшысын сотқа берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Andrey Arkusha/Russian Look/Globallookpress © Andrey Arkusha/Russian Look/Globallookpress

Францияда Фредерик Деснар есімді ер адам іш пыстыратын жұмыс тапсырған басшылығын сотқа берді, - деп хабарлайды РИА Новости француздың Parisien басылымына сілтеме жасап. Ол бұрынғы басшысынан өте төмен жұмыс мөлшерін бергені үшін 360 мың еуро сомасында өтемақы талап етіп отыр.

Газеттің мәліметінше, Деснар 2006 жылдан бері иіс су шығаратын Interparfum деген компаниясында жұмыс істеген. Алайда, 2014 жылы ол жол-көлік оқиғасына ұшырап, жеті ай бойы ем алғаннан кейін жұмыстан шығып қалған екен. Оның адвокаты Монтассе Шарнидің айтуынша, жол апатына қояншық ауруы себеп болған. Ал бұл ауру оған іш пыстыратын жұмыс тәртібінен пайда болған. 

2012 жылы компанияда тауар айналымы төмендеген, осыдан жұмысшы"кәсіби зомбиге" айналып, "өз уақытын компания басшылығының саудасын" жүргізген. Ал Деснардың жыл сайынғы табысы - 80 мың еуро болған. 

Осылайша ер адам 150 мың еуроны моральдық шығын ретінде, ал 200 мың еуроны жұмыстан шығарғаны үшін өндіріп алғысы келеді екен. Бұл іс бойынша сот шешімі биыл 27 шілдеде шығуы тиіс.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети