05 сәуір 2021 09:10

Францияда министрлер жертөледе өткен кештерге қатысқан - БАҚ

ПОДЕЛИТЬСЯ

Франция ІІМ басшысы Жеральд Дарманен Париждің полиция префектіне елдегі министрлер коронавирус пандемиясы кезінде жертөледегі мейрамханаларда өткен кештерге қатысқаны ақпаратты тексеруді тапсырды, - деп хабарлайды РИА Новости


Франция ІІМ басшысы Жеральд Дарманен Париждің полиция префектіне елдегі министрлер коронавирус пандемиясы кезінде жертөледегі мейрамханаларда өткен кештерге қатысқаны ақпаратты тексеруді тапсырды, - деп хабарлайды РИА Новости

M6 телеарнасы жасаған репортажда Париждің қымбат аудандарының бірінде орналасқан мейрамхана туралы айтылған. Ол жерде даяшылар да, клиенттер де маска тақпаған. Сондай-ақ телеарна жабық түрде өткен кешті көрсеткен, онда ондаған адам маска тақпай, әлеуметтік қашықтықты сақтамай жүрген. Репортаж жасырын камера арқылы түсірілген. 

Журналистер кешті ұйымдастырушылардың бірімен байланысқан. Ер адам мейрамханада Франция үкіметінің бірнеше өкілі болғанын айтқан.  

Париж префектурасы ұйымдастырушылар мен жасырын кешке қатысқандарды анықтау үшін тергеу басталғанын хабарлады. 

Жергілікті билік бұйрығы бойынша, елдегі кафелер мен мейрамханалар қазаннан бері коронавирус пандемиясына байланысты жабық. 

Шектеуді бұзғандарға 135 еуро көлемінде айыппұл салынады. Ал ұйымдастырушылар бір жыл бас бостандығынан айырылып, оларға 15 мың еуро көлемінде айыппұл салынуы мүмкін. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети