03 қараша 2019 17:54

Францияда темекі қымбаттады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Францияда темекі өнімдері шамамен 5 пайызға қымбаттады, - деп хабарлайды "Хабар 24".


Францияда темекі өнімдері шамамен 5 пайызға қымбаттады, - деп хабарлайды "Хабар 24".

Осы айдан бастап елде шылым қорабы орта есеппен 9 еуро, яғни 4 мың теңге тұратын болды. Ал бір жылдан кейін оның құнын 10 еуроға дейін жеткізу жоспарлануда. Бұл - француз денсаулық сақтау министрлігінің реформалары аясында жүзеге асырылып отырған шара.

Басты мақсат - шылым шегетіндер санын азайту. Оған қоса елде темекі акциздерінің салығы әлеуметтік қорғау жүйесін қаржыландыруға жұмсалады. Сонда 12 миллиард еуро жылдық бюджетке бағалар көтерілген сайын 500 миллион еуродан қосылып отырмақ. Негізі денсаулық сақтау министрлігінің реформасы екі жыл бұрын басталған. Сол уақыттан бері шылымқор француздардың саны 2 миллион адамға қысқарған.

"Сатылатын өнім көлемі азайды. Бірақ бағалар өсіп жатыр. Сондықтан айналым сол бұрынғы деңгейде қалып отыр. Бүгінде қоғамдық орындарда шылым шегуге болмайды. Сөйтіп тұтыну мөлшері азайды. Сондай-ақ темекі шегу әдетінің өзі де өзгерген сыңайлы. Тұрғындар енді арнайы орын іздеп тауып, темекіні соңына дейін шегеді. Меніңше, бұл да денсаулыққа зиян", - дейді темекі сататын дүкеннің иесі Кристоф Биллу.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети