18 қазан 2018 09:20

Гаити президентіне қастандық жасалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© pixabay.com © pixabay.com

Белгісіз біреулер Гаити президенті Жовенель Моизге қастандық жасады, мемлекет басшысы зардап шеккен жоқ, - деп хабарлайды РИА Новости


Белгісіз біреулер Гаити президенті Жовенель Моизге қастандық жасады, мемлекет басшысы зардап шеккен жоқ, - деп хабарлайды РИА Новости

Жергілікті БАҚ мәліметінше, қастандық тәуелсіз Гаити республикасының негізін құрға әрі Жак І императоры атымен бірінші басшы болған Жан-Жак Дессаливнің қазасына 212 жыл өткеніне байланысты шара өтіп жатқан Пон-Руж қаласында болған. 

Ұлт қаһарманының мемориалына гүл қою рәсімінде белгісіз біреулер президентке оқ атқан. Оққағарлары президентті қауіпсіз жерге жеткізіп үлгеріп, ешкім зардап шекпеген. 

Президент қауіпсіздігі қызметінің екі қызметкері жараланған, олардың бірінің басына зақым келген. Оқиғаның өзге мән-жайы айтылмай отыр.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети