14 тамыз 2020 09:07

Ғалымдар алғаш рет ауада тірі коронавирусты анықтады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ғалымдар ауадағы микроскопиялық бөлшектерде толыққанды тірі вирусты көре алғандарын мәлімдеді. Бұл туралы Der Spiegel неміс журналындағы мақалада жазылған, - деп хабарлайды Inopressa


Ғалымдар ауадағы микроскопиялық бөлшектерде толыққанды тірі вирусты көре алғандарын мәлімдеді. Бұл туралы Der Spiegel неміс журналындағы мақалада жазылған, - деп хабарлайды Inopressa

Басылым мәліметінше, Еуропадағы дәрігерлер ауру тарағаннан кейін бірнеше аптадан соң вирус адаммен байланыста болғаннан кейін ауа-тамшы жолдары арқылы ғана емес, сондай-ақ ауадағы микроскопиялық бөлшектердің көмегімен біраз қашықтыққа тарай алатынын анықтаған. 

Бірақ вирус нақты қанша көлемде микробөлшектерде қалатыны белгісіз. Флорида университетінің зерттеушілері аэрозольдердің вирустық жүктемесі үлкен және ол адамға жұғуы мүмкін екенін дәлелдей алатын деректер барын айтқан. Америкалық ғалымдар ондай бөлшектерге бүтін, тірі вирустар бекітіле алатынын айтады. 

Іс жүзінде адамдар коронавирусты физикалық байланыссыз жұқтырған кездер тіркелген. Мысалы, наурызда Маунт-Вернон қаласында шіркеу хорының мүшелері дайындық кезінде коронавирус жұқтырған. COVID-19 белгілері бар хордың бір мүшесі бірден 52 адамға жұқтырған. Үшеуі ауруханадан ем алып, екі адам қайтыс болған.   

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети