29 сәуір 2020 09:59

Ғалымдар Қазақстанда коронавирус пандемиясы қашан аяқталатынын айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ғалымдар әлемде COVID-19 пандемиясының қашан аяқталатынына болжам жасады, деп хабарлайды Naked Science


Ғалымдар әлемде COVID-19 пандемиясының қашан аяқталатынына болжам жасады, деп хабарлайды Naked Science

Сингапур технология және дизайн университетінің және Массачусетс технология университетінің бір топ ғалымы сайт жасап шығарды. Онда түрлі елде COVID-19 пандемиясы қашан аяқталатынын көруге болады. Оның ішінде Қазақстан да бар. Алайда ғалымдар бұл тек болжам екенін айтады.

Болжам жасау үшін математикалық SIR-моделі қолданылыпты. Олар белгілі бір уақыт аралығында вирус жұқтырған, ауруды жұқтыру қаупі бар және жазылғандар әрі індетті жұқтырғандардың адамдармен қарым-қатынасын есепке алған.

Коронавирусты жұқтырғандардың жаңа статистикасы бойынша график жаңартылып түзетіліп отырған.

Сайт авторларының айтуынша, бұл мәлімет нақты болмауы мүмкін. Сондықтан оған зерттеу жұмысы ретінде қараған жөн.

Ғалымдардың болжамынша, Қазақстанда індетті жаппай жұқтыру сәуір аяғында болған. Осыған сәйкес, ауруды жұқтыру дерегі 2 маусымда 97 пайызға, 14 маусымда 99 пайызға қысқарады. Ал 28 шілдеде індеттің таралуы толығымен аяқталады.

Ғалымдар жүргізген зерттеу қорытындысына сәйкес, АҚШ-та эпидемия толығымен 9 қыркүйекте, Ресейде 7 тамызда, Иранда 28 қыркүйекте, Түркияда 30 шілдеде, Италияда 31 тамызда, Испанияда 2 тамызда, Канадада 20 тамызда, Ұлыбританияда 22 тамызда, Францияда 9 тамызда аяқталады. Ал Қытайда COVID-19 вирусын жұқтыру 9 сәуірде аяқталған болатын.

Сондай-ақ сингапурлық ғалымдар әлемде коронавирус пандемиясы 2020 жылдың 1 желтоқсанында толығымен аяқталатынын айтады.

Алайда зерттеу жұмысының авторлары кез келген болжамға сақтықпен қарау керегін жеткізді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети