07 қаңтар 2020 17:24

Генерал Сулейманиді жерлеу кезінде 35 адам қаза тапты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© REUTERS © REUTERS

Иранның Кермана қаласында өлтірілген генерал Касем Сулейманиді ақтық сапарға шығарып салу кезінде 35 адам қаза тауып, 48 адам зардап шеккен. Бұл туралы жергілікті IRIB телеарнасы хабарлады.


Иранның Кермана қаласында өлтірілген генерал Касем Сулейманиді ақтық сапарға шығарып салу кезінде 35 адам қаза тауып, 48 адам зардап шеккен. Бұл туралы жергілікті IRIB телеарнасы хабарлады.

Ирандық генерал Касем Сулейманимен қоштасу рәсімі оның туған қаласы Керманада сейсенбіде таңғы уақытта басталды. 

Осыған дейін, Иран телеарнасы бірнеше адамның қаза тапқаны туралы хабарлаған. "Өкінішке орай, жерлеу рәсімі кезінде қатысушылардың жаппай жиналуына байланысты бірнеше адам қаза тауып, біршамасы зардап шеті. Оларды ауруханаға жеткізді", - деді жедел жәрдем басшысы Пир Хосейн Куливанд. Оның айтуынша, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр екен, қосымша ақпарат тергеуден кейін жарияланады. 

3 қаңтарда түнгі уақытта АҚШ Бағдад халықаралық әуежайы аумағында Сулеймани мен Ирак шейіт жасағы басшысының орынбасары Әбу Махди әл-Мухандиске қарсы операция жүргізді. Вашингтон оларды 2019 жылы 31 желтоқсанда Бағдад қаласындағы америкалық елшілікке жасалған шабуылға қатысы бар деп есептейді. Иранның жоғарғы басшысы Али Хаменей Сулейманидің өлімі үшін АҚШ-тан кек алуға уәде берді. АҚШ президенті Дональд Трамп америкалықтар шабуыл жасаған жағдайда Иранның 52 нүктесіне "жылдам әрі жойқын соққы" жасауға уәде берді. Әлемдік қауымдастық АҚШ пен Иранды сабырға шақырды.

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети