29 қаңтар 2014 14:27

Геннадий Головкин Мейвейзерге жол берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Геннадий Головкин. Сурет behindthegloves.com сайтынан Геннадий Головкин. Сурет behindthegloves.com сайтынан

Бокс жайлы жазатын Америка журналистерінің қауымдастығы (BWAA) 2013 жылдың үздіктерін анықтады, деп хабарлайды Vesti.kz сайтына сүйенген Tengrinews.kz.. Ең маңызды жүлде, яғни "Жыл боксшысы" аталымында кіші-Флойд Мейвезер үздік атанды. Бұл номинацияға Мейвезерден бөлек, Геннадий Головкин, Адонис Стивенсон, Сергей Ковалев, Тимоти Брэдли және Дэнни Гарсия үміткер болған. Мейвезер бәсекелестерін артта қалдырып, осымен екінші рет "Жыл боксшысы" атанып отыр. Алғаш рет американдық боксшы 2007 жылы үздік деп танылған. "Жыл жаттықтырушысы" аталымын осымен алтыншы рет Мэнни Пакьяоның жеке бапкері Фредди Роуч жеңіп алды. Бұған дейін ешкім де өз ғұмырында алты рет "Жыл жаттықтырушысы" атанбаған. Айта кетейік, бұл номинацияға Головкиннің бапкері Абель Санчес те үміткер болған. Сондай-ақ, "Жыл жекпе-жегі" номинациясы Тимоти Брэдли мен Руслан Проводников арасындағы айқасқа бұйырды. Эл Хаймон "Жыл менеджері" атанса, кезінде бір емес, екі салмақ дәрежесінде әлем чемпионы болған Пол Малиньяджи "Жыл комментаторы" болып танылды. "Қиыншылықтармен күресе білгені үшін" номинациясы Пол Ульямсқа бұйырды. Естеріңізге сала кетсек, 2012 жылдың 27 мамырында Пол өзінің мотоциклімен апатқа ұшырап, денесінің жарты бөлігі жансызданып қалған. Содан кейін боксты қоюға мәжбүр болған-ды. Бұлардан бөлек, ESPN телеарнасының репортері Дэн Рафаэль "Бокс журналистикасындағы жетістігі үшін", ал Сэнди Грэйди "Бокс тақырыбындағы үздік жазушы" номинацияларында үздік атанды. Ал Геннадий Головкин өзінің келесі айқасын 1 ақпанда Монакода ганалық Осуману Адамаға қарсы өткізеді. Одан кейінгі жекпе-жегі 26 сәуірге жоспарланып отыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.35   490.7   4.83 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети