06 қаңтар 2021 11:04

Германияда локдаун ұзартылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© РИА Новости / Кристиан Манг © РИА Новости / Кристиан Манг

Германияда қатаң шектеу шаралары 31 қаңтарға дейін ұзартылды. Бұл туралы Германия канцлері Ангела Меркель айтты, - деп хабарлайды РИА Новости.


Германияда қатаң шектеу шаралары 31 қаңтарға дейін ұзартылды. Бұл туралы Германия канцлері Ангела Меркель айтты, - деп хабарлайды РИА Новости.

Меркель науқастар санының әлі де көбейіп жатқанын айтты.

"Біз желтоқсан айында қабылдаған шешімдерімізді 31 қаңтарға дейін ұзартқымыз келеді және кейбір аспектілерде біз оларды қатаңдатуымыз керек", - деді Меркель.

Дереккөз мәліметінше, Германияда 2 қарашадан бастап коронавирустың таралуына қарсы бағытталған шектеу шаралары күшіне енді. Ал 16 желтоқсаннан бастап шектеу шаралары күшейтілді: азық-түлік емес дүкендер жабылды, шаштараздар, сұлулық салондары жұмысын тоқтатты, жиындарға шектеулер енгізілді. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети