31 мамыр 2017 11:46

Германияның Кабулдағы елшілігінде жойқын жарылыс болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© REUTERS/Mohammad Ismail © REUTERS/Mohammad Ismail

Ауғанстан астанасы Кабул қаласында орналасқан Германия елшілігінің алдында жойқын жарылыс болды, - деп хабарлайды Reuters.


Ауғанстан астанасы Кабул қаласында орналасқан Германия елшілігінің алдында жойқын жарылыс болды, - деп хабарлайды Reuters.

Полициядағылардың айтуынша, дипломатиялық ғимараттың алдында жарылғыш зат орнатылған автомобиль жарылған. Жарылыс жергілікті уақыт бойынша, сағат 08.30-болды. Жарылыс салдарынан 10 шақты адам қаза тауып, 100-ден аса адам жараланды. Қазіргі уақытта ауруханаға 67 адам жеткізілген.

Жарылыс президент сарайынан алыс емес маңда, шет елдер елшілігінің маңында болды. Көптеген ғимараттардың терезелері шағылып, есіктері сынған. Соның салдарынан "Синьхуа" агенттігінің Кабулдағы бюросының ғимараты да бүлінген.

Әзірге ешқандай топ бұл жарылысты мойнына алған жоқ.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети