06 қазан 2021 13:32

Google Android 12 шығарды

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Google операциялық жүйенің жаңа нұсқасын шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Google-ға сілтеме жасап.


Google операциялық жүйенің жаңа нұсқасын шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Google-ға сілтеме жасап.

Қазіргі уақытта ОЖ-нің алғашқы коды Android Open Source Project (AOSP)-де қолжетімді, бұл - Android операциялық жүйесінің жеке нұсқаларын жасауға деректер мен түрлі ақпараттарды сақтайтын, арнайы қолжетімді қор.

Android 12 жаңа Мaterial You интерфейсін, сонымен қатар, жаңа виджеттер мен хабарландыру дизайнын ұсынды.

Android Developers Blog

Жаңа мүмкіндіктердің бірі - Privacy Dashboard құпия тақтасы, онда сіз жеке ақпараттарды реттеп, қолданба рұқсаттарын басқара аласыз, соның ішінде егер бағдарлама камера, микрофон немесе тұрған жері туралы ақпаратты қолданса, пайдаланушы бірден хабарлама алады.

Сонымен қатар, Android 12 нақты геолокацияның орнына жақын маңдағы жерді көрсетіп, қосымшаларды "алдай" алады. Алдыңғы камераның көмегімен экранды бұрмай-ақ телефон қолданушының жатқанын көруге болады.

Сонымен қатар, бағдарлама әзірлеушілер жаңа ОЖ-мен бірге маңызды жүйелік процестер процессорды 22 пайызға аз жүктейтінін, мәліметтер базасына қосымша сұраныстарын өңдеу 36 пайызға, ал мыңнан астам жолдары бар үлкен процестер 49 есе жеделдетілетінін айтты.

Android 12-де AppSearch-тің тез арада іздеу жүйесі, толық мәтінді индекстеу және шығару нәтижелерін саралау, ұзақ уақыт қолданылмаған қосымшалар үшін арнайы күту режимі бар. Ол бағдарламаға кіру құқықтарын бірден қалпына келтіреді, ресурстарды босатады, қосымшалардың барлық процестері мен хабарламаларын тоқтатып блоктайды.

Pixel-ден бастап телефондарға жаңарту алдағы бірнеше аптада жүзеге асады. Samsung Galaxy, Ace Plus, Oppo, Real me, Techno, Vivo және Xiaomi құрылғылары осы жылдың соңына дейін жаңартылады.

Бұған дейін Android 12-нің соңғы бета нұсқасы телефонды ым-ишарамен басқаруға мүмкіндік беретіні айтылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети