Google Украинадағы кейбір қызметті уақытша бұғаттады

Жансая Қадыржанова
Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Google Украинадағы кейбір қызметті уақытша бұғаттады Киев. Фото ©REUTERS

Америкалық Google трансұлттық корпорациясы Украинада Google картаның кейбір мүмкіндіктерін уақытша бұғаттады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters-ке сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Америкалық Google трансұлттық корпорациясы Украинада Google картаның кейбір мүмкіндіктерін уақытша бұғаттады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters-ке сілтеме жасап.

Компания Украинада Google картаның кейбір мүмкіншілігін бұғаттады. Соның ішінде жолдағы жүктеме мен жол қозғалысы туралы ақпарат қолжетімді болмайды.

Нақтырақ, сөз қолданушыларға белгілі бір уақыт ішінде ақпарат беретін екі функция туралы болып отыр: нақты трафикті және танымал орындарды көрсету. Бұл функциялар қандай да бір жерді алыстан бақылау және белгілі бір уақытта қанша адам бар екенін түсіну үшін қолданылады. 

Бұл шара жергілікті халықтың қауіпсіздігі мен украиндықтарды қорғау үшін енгізілгені айтылды. Сонымен қатар, бұл шешім жергілікті шенеуніктермен кеңескеннен кейін шығарылған.

Айта кетейік, ірі технологиялық компаниялар, соның ішінде Google, қолданушылардың қауіпсіздігін қорғау үшін жаңа шаралар қабылдап жатыр.

Бұған дейін Telegram желісінің негізін қалаушы Павел Дуров Ресей мен Украина аумағында мессенджердің жұмысын шектеуге рұқсат берген болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети