09 тамыз 2024 | 16:37

Грекия аралындағы орманды өртеу оқиғасы: капитан кінәні өз мойнына алды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото: facebook.com/epoxikoipirosvestes Фото: facebook.com/epoxikoipirosvestes

Грекияның Гидра аралында болған өрт оқиғасы үшін толық жауапкершілікті яхта капитаны өз мойнына алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Грекияның Гидра аралында болған өрт оқиғасы үшін толық жауапкершілікті яхта капитаны өз мойнына алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қамауға алынған капитан өзінің өтініші бойынша 2 тамызда барлық жауапкершілікті өз мойнына алып, яхтаны жалдаған басқа экипаж мүшелері мен шетелдік мультимиллионерлерді ақтап, қосымша куәлік берді", - делінген басылымда.

Kathimerini басылымының мәліметінше, капитан теңіздегі жартасқа орналастырған және ұшырған 15 отшашуды сатып алғаны туралы куәлік берді. Олардың он төртеуі аралдан алыстап кеткенімен, біреуі қарама-қарсы жолмен жүріп, Аралдың тік беткейлерінің біріне құлап, өрт тудырған.

Бұқаралық ақпарат құралдарының ақпаратына сәйкес, ол басқа экипаж мүшелерінің көмегінсіз немесе жалға алушылардың бұйрығынсыз өз бастамасымен әрекет еткен.

Капитан бұрын дүрбелең жағдайында болғанын, сондықтан бұған дейін оқиғаны басқаша баяндағанын айтты.

Еске салайық, бұған дейін Грекия БАҚ-тары Қазақстаннан келген туристер Грекияның Гидра аралында яхтадан отшашу атып, орман өртіне себеп болғаны туралы хабарлаған болатын.

Қазақстан СІМ біздің Грециядағы консулымыз осы оқиға бойынша жергілікті билікпен байланысқа шыққанын мәлімдеді. Полиция ұсталғандардың арасында Қазақстан азаматтары жоқ екенін және оларға қандай да бір шағым түспегенін жеткізді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 530.2  course up  543.85  course up  5.17  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer