06 наурыз 2023 14:09

Грузия парламентінде депутаттар төбелес шығарды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

видео кадры

Грузияда парламент депутаттары шетелдік агенттер туралы заң жобасын қарау кезінде жанжал шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Грузия Online сайтына сілтеме жасап.


Грузияда парламент депутаттары шетелдік агенттер туралы заң жобасын қарау кезінде жанжал шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Грузия Online сайтына сілтеме жасап.

Оқиға парламенттің заң комитеті отырысында болды, онда шетелдік агенттерге қатысты екі даулы заң жобасы қаралып жатыр. Кездесу барысында комитет төрағасы Анри Оханашвили мен оппозициялық депутаттар арасында жанжал шыққан.

"Отаның жоқ, кімнің мүддесіне қызмет етесің? Сенің Отаның жоқ. Сенде мемлекеттілік сезімі жоқ", - дейді Оханашвили "Стратегия Агмашенебели" партиясының жетекшісі Георгий Вашадзеге.

Осы эпизодтан кейін бірнеше депутат, соның ішінде Вашадзе де отырыс залынан шығарылады.

Заң жобаларын талқылаумен қатар парламентке іргелес аумақта наразылық акциясы өтіп жатыр. Шерушілер заңның қабылдануына қарсы. Грузияның үкіметтік емес ұйымдары, бұқаралық ақпарат құралдары, кәсіподақтар және басқа да ұйымдар да заң жобасына қарсылық білдірді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети