28 шілде 2019 10:19

Грузияда 12 жолаушысы бар автобус 400 метрлік құздан құлап кетті

видеодан үзінді

Грузияның Пшавели-Абано-Омало асуында 400 метрлік биіктіктен шағын автобус құлап кетті. Кейбір жолаушылар автобус құлап бара жатқанда секіріп үлгерген. Бұл туралы "Хабар 24" жергілікті IMEDI телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алдын ала мәлімет бойынша автобуста 12 адам болған. Олардың кейбірі автобус құлап бара жатқанда секіріп үлгерсе, қалғаны автобуспен бірге құлады.

Реклама
Реклама

Оқиға орнында құтқару операциясы жүріп жатыр. Тірі қалғандар тікұшақпен Телави қаласының ауруханасына жеткізілді. Жол апаты шағын автобус жүргізушісінің рөлге ие бола алмауынан болған.

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram