11 маусым 2022 16:16

Грузияда Болгарияның футболшылары мінген автобус жол апатына ұшырады

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Грузия астанасы Тбилисиде Болгария құрамасының ойыншылары мінген автобус жол апатына ұшырады, - деп хабарлайды Vesti.kz сайты Болгария футбол одағының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Грузия астанасы Тбилисиде Болгария құрамасының ойыншылары мінген автобус жол апатына ұшырады, - деп хабарлайды Vesti.kz сайты Болгария футбол одағының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға Болгария делегациясы екі автобуспен әуежайдан қонақ үйге келе жатқанда болған. Нәтижесінде автобус жүргізушсі екінші автобуспен соқтығысқан.

Осының салдарынан "Ботев" жартылай қорғаушысы Тодор Неделевтің көзіне сынған шишаның қалдықтары кірген. Футболшыны жедел жәрдем қызметкерлері ауруханаға алып барып ота жасады. Қазіргі таңда ойыншының жағдайы бірқалыпты.  

Еске салайық, 12 маусымда УЕФА Ұлттар Лигасының төртінші турында Грузия мен Болгария құрамалары кездеседі. 5 маусым күні Болгариядағы матчта грузиндер қонақта 2:5 есебімен жеңіске жеткен еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.44   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети