12 қыркүйек 2020 14:38

Грузияда қарашаға дейін әуе қатынасы жанданбайды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет: Tengrinews.kz мұрағатынан Сурет: Tengrinews.kz мұрағатынан

Грузия тұрақты әуе қатынасын қалпына келтіруге байланысты тыйымды 1 қарашаға дейін ұзартты. Хабарламаны елдің Азаматтық авиация агенттігі таратты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Грузия тұрақты әуе қатынасын қалпына келтіруге байланысты тыйымды 1 қарашаға дейін ұзартты. Хабарламаны елдің Азаматтық авиация агенттігі таратты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Тұрақты халықаралық әуе тасымалдарын жүзеге асыруға шектеу мерзімі ұзартылды және бұл 2020 жылдың 31 қазанына дейін қолданылады", - делінген агенттік хабарламасында.

Новости-Грузия ақпараты бойынша, шектеу тек үш бағытқа қатысты емес - тамыздан бастап Париж, Мюнхен және Ригадан Тбилисиге рейстер ұшады, жолаушылар Грузия астанасынан осы қалаларға бара алады. Аптасына екі рет Тбилисиден Мюнхенге рейстерді - Lufthansa, Парижге - Air France, Ригаға - Air Baltic әуе компаниясы жүзеге асырады.

Грузия наурыздан бастап коронавирус пандемиясына байланысты барлық елмен тұрақты рейстерді тоқтатты. Үкімет халықаралық саяхатшыларды 1 шілдеден бастап қабылдауға уәде берген еді, бірақ содан кейін әлемдегі эпидемиологиялық жағдайдың күрделілігіне байланысты тұрақты халықаралық рейстердің ашылуы 1 тамызға дейін кейінге қалдырылды. Содан кейін бұл мерзім 1 қыркүйекке, кейін - 1 қазанға, ал қазір - 1 қарашаға дейін ұзартылды.

Үкімет рейстер ашымауының себебі коронавирустың таралу қаупіне байланысты екенін айтты және бұл "азаматтардың денсаулығына қамқорлық" деп мәлімдеді. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети