07 наурыз 2020 18:46

Грузияның Денсаулық сақтау министрлігі шенеунігінің ұлы коронавирус жұқтырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет: РИА Новости Сурет: РИА Новости

Грузия Денсаулық сақтау министрлігінің ауруларды бақылау ұлттық орталығы басшысының ұлы Николоз Гамкрелидзе Facebook-те коронавирус жұқтырғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды РИА Новости.


Грузия Денсаулық сақтау министрлігінің ауруларды бақылау ұлттық орталығы басшысының ұлы Николоз Гамкрелидзе Facebook-те коронавирус жұқтырғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды РИА Новости.

Амиран Гамкрелидзенің ұлы Николоз Гамкрелидзе "Эвекс" атты ірі медициналық компанияны басқарады. Ол вирусты ағзасында коронавирус бар болып шыққан бір қызметкерінен жұқтырған.

"Инфекциялық клиникаға барып, емделе бастадым. Бақытымызға орай, мен байланысқан адамдардың барлығы тексеріліп, оқшауланды. Қазір өзімді жақсы сезінемін", - деп жазды Гамкрелидзе.

Оның айтуынша, вирус жұқтырғандардың жеке басы туралы ақпарат құпия екеніне қарамастан, ол ауырған ұят емес екенін дәлелдеу үшін вирустың барын мойындаған.

Бұған дейін сенбі күні Грузия Денсаулық сақтау министрлігі ауруларды бақылау орталығының басшысы Амиран Гамкрелидзе елде жаңа коронавирусты жұқтырғандардың саны 12 адамға жеткенін мәлімдеді. Оның айтуынша, барлығы Италиямен тікелей немесе жанама байланыста болған.

Коронавирустың расталған оқиғаларының саны бүкіл әлем бойынша 101 мың адамнан асады, 3,5 мыңға жуық адам қайтыс болды. Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ресми өкілі Тарик Язаревич мәлімдеген.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети