1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Жаһан

Гүлнара Каримованың қайтыс болғаны туралы мәлімет жалған - БАҚ

Гүлнара Каримова Гүлнара Каримова

Өзбекстанның бірінші президентінің үлкен қызы Гүлнара Каримова тірі, - деп хабарлайды РИА Новости Каримовтар отбасымен жақын араласатын дереккөзге сілтеме жасап. 

Осыған дейін БАҚ Өзбекстан арнайы қызметіндегі дереккөзге сілтеме жасап Каримова 5 қарашада уланып қайтыс болған, сол күні ол Ташкенттегі "Минор" зиратында жерленді деп жариялаған. 

"Гүлнара Каримова тірі, ол қайтыс болды деген мәлімет жалған", - деді агенттіктің дереккөзі. Бірақ ол оның қазіргі уақытта қайда екенін айтқан жоқ. 

Қыркүйектің екісінде 78 жасқа келген Өзбекстанның бірінші президенті Ислам Каримов дүниеден озды. Мемлекет басшысының уақытша міндетін орындаушы болып премьер-министр Шавкат Мирзиёев тағайындалды.