Гүлнара Каримованың ұлы Мирзиеевтен көмек сұрады

15 Ақпан, 10:20
0
Гүлнара Каримованың ұлы Мирзиеевтен көмек сұрады - © Фото: instagram.com/i.kar7
© Фото: instagram.com/i.kar7

Өзбекстанның тұңғыш президенті Ислам Каримовтың қызы Гүлнара Каримованың ұлы кіші Ислам Каримов Instagram желісінде Шавкат Мирзиеевке үндеу жасап, анасына қысым көрсетіліп жатқанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Белгісіз себептерге байланысты анама өте ауыр қысым көрсетіліп жатыр, ол ауырса да дәрігерге көрсетпеген", - деді ол.

Оның айтуынша, осы істі жасап жатқандар кейбір мәселелердің жабылуын қаламайды. Олардың жасаған барлық ресми өтініші бұғатталып жатыр екен.

"Бізге бала кезімізден таныс болғандықтан Президенттен сұрайтыным, бізге назарын аударып, қарындасымыз екеуміздің үнімізге құлақ асқанын қалаймын. Қарындасым анаммен бірге оның да жүрегі ауырып қалды, бірақ оларға дәрігерді жібермеген. Мен олардың денсаулығына алаңдап отырмын. Оған қоса, адамгершілік пен мейірбандық танытады деген ойдамын" - деп мәлімдеді марқұм президент Ислам Каримовтың немересі.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

@mirziyoyev_sh @iman.k17

Публикация от Islam Karimov (@i.kar7)

Өзбекстанның Бас прокуратурасы Гүлнара Каримоваға "дәрігерлердің еркін кіріп-шығуына мүмкіндік берілген" деп РИА Новости мәлімдеген.

"Мен бұл ақпараттың жалған екеніне сенімдімін" - деді Бас прокуратураның өкілі. 

Айта кетейік, Гүлнара Каримова 2015 жылдың тамызында 5 жыл бас бостандығынан айырылған. Оны бопсалады және салық төлемеді деп айыптаған. Оның келтірген залалы 2 миллиард доллар екені айтылған. 2017 жылы Өзбекстанның Бас прокуратурасы Каримоваға қатысты басқа да айыптар тағылып жатқанын айтты. 

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай