"Харви" дауылынан кейін беймәлім құбыжық жағалауға шығып қалды

14 Қыркүйек 2017, 09:28
0
"Харви" дауылынан кейін беймәлім құбыжық жағалауға шығып қалды - © Twitter/Preeti Desai
© Twitter/Preeti Desai

Американың Техас штатында "Харви" дауылынан кейін жағалаудан өткір тісті теңіз жануары табылған. Жануардың суретін биолог Прити Десай Twitter желісіндегі парақшасында жариялады, - деп жазады Lenta.ru.

"Twitter-биологтар, мұның не екенін жазыңыздаршы. Техас штатындағы Техас-Сити жағалауынан табылды", - деп жазған биолог.

Қолданушылардың айтуынша, мұны балықтың бір түріне жатқызуға болады, мысалы, жыланбалықтардың ерекше бір түріне.

12 қыркүйекте AccuWeather метеорологиялық компаниясының президенті Джоэл Майерс "Харви" мен "Ирма" дауылынан 290 миллиард доллар шығын келтірілгенін хабарлады. Басылымның мәліметінше, бұл рекордтық шығын болмақ.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай