Том Хэнкстің ұлы коронавирус жұқтырған ата-анасының жағдайы туралы айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Том Хэнкстің ұлы коронавирус жұқтырған ата-анасының жағдайы туралы айтты © REUTERS

Голливуд актері Том Хэнкстың ұлы Чет Хэнкс ата-анасы коронавирус жұқтырғанын растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Голливуд актері Том Хэнкстың ұлы Чет Хэнкс ата-анасы коронавирус жұқтырғанын растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Иә, бұл рас. Ата-анам коронавирус жұқтырды. Қазір екеуі де Аустралияда, олар фильмнің түсірілімінде жүр. Олармен телефон арқылы сөйлестім. Жағдайы жақсы екен және қатты әлсіреп тұрмағандарын айтты. Бірақ, әрине, оларға медициналық көмек керек. Барлығы жақсы болады деп сенемін. Сақ болыңыздар", - деді Чет Хэнкс.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ???? ????? ?? (@chethanx)

Еске салайық, мұның алдында "Оскар" жүлдесінің екі дүркін иегері Том Хэнкс өзі және әйелі Рита Уилсон коронавирус жұқтырғанын мәлімдеген болатын. "Сәлем, достар. Рита екеуіміз осындамыз, Аустралияда. Біз өзімізді сәл шаршаңқы сезініп, тұмауратқандай болып, денеміз ауырсына бастады. Рита уақыт өте келе қалтырай бастады. Барлығы дұрыс екеніне көз жеткізу үшін коронавирустан тексерістен өттік, тест нәтижесі оң болып шықты", - деп жазған еді актер.

Том Хэнкс көпшілікке "Большой", "Форест Гамп", "Спасти рядового Райана", "Изгой", "Чудо на Гудзоне" фильмдері арқылы таныс. 2016 жылы актер сол кездегі АҚШ президенті Барак Обаманың қолынан еркіндік медалін алды.  

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети