09 маусым 2022 13:53

Херсон Ресей құрамына кіру үшін референдум өткізеді. Украинада не болып жатыр?

Мұхтар Жәмішжанов Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: REUTERS Фото: REUTERS

Украина мен Ресей арасындағы жағдай әлі де шиеленісіп тұр. Алдағы уақытта не өзгереді? Tengrinews.kz тілшісі екі ел арасында болып жатқан кейінгі жаңалықтарға шолу жасады.


Украина мен Ресей арасындағы жағдай әлі де шиеленісіп тұр. Алдағы уақытта не өзгереді? Tengrinews.kz тілшісі екі ел арасында болып жатқан кейінгі жаңалықтарға шолу жасады.

Украина Ресейдің әскери қылмыстары туралы жинақты жариялайды

Украина президенті Владимир Зеленский келесі аптада "Книга палачей" жинағы шығатынын мәлімдеді. Онда Ресей әскерінің Украинадағы қылмыстары туралы нақты ақпарат болады.

Зеленскийдің айтуынша, жоба Ресейдің әскери қылмыстары мен қылмыскерлері туралы расталған мәліметтер жиналатын ақпараттық жүйе түрінде жүзеге асырылады.

Херсон облысы Ресей құрамына кіру үшін референдум өткізеді

Биыл Украинадағы Херсон облысында референдум өтеді. Бұл ақпаратты аймақтың әскери-азаматтық әкімшілігі басшысының орынбасары Кирилл Стремоусов мәлімдеді.

Оның айтуынша, Херсон облысы Ресейдің құрамына кіруге дайын, жергілікті тұрғындар Ресей төлқұжаттарын алуға белсенді түрде өтініш беріп жатыр.

"Референдумды осы жылы өткіземіз. Бұл туралы шешім қабылданып қойды", - деді Стремоусов.

© РИА Новости 

Виталий Хоценко ДХР Үкіметінің төрағасы қызметіне сайланды

Донецк Халық Республикасы Халықтық кеңесінің (ДХР) депутаттары Виталий Хоценконың кандидатурасын мақұлдады. Кеше Виталий Хоценко ДХР үкімет төрағасы болып сайланды.

Бұған дейін Виталий Хоценко Ресей Федерациясы өнеркәсіп және сауда министрлігінің өңірлік өнеркәсіптік саясат және жобалық басқару департаментінің директоры лауазымын атқарған. 

© РИА Новости 

Мәскеудің бас раввині Ресейден кетті

Мәскеудің бас раввині Пинхас Голдшмидт Украинадағы соғысты көпшілік алдында қолдауды талап еткен билік қысымынан кейін Ресейден көшіп кетті. Бұл туралы оның туысы Авиталь Чижик-Голдшмидт хабарлады.

Раввин және оның отбасы соғыс басталғаннан кейін Ресейден кетіп, Венгрияға келді.

"Қазір олар өздері жақсы көретін, сонда балаларын 33 жылдан астам уақыт тәрбиелеген елден қуылды", - деп жазды Чижик-Голдшмидт.

Украина мен Ресей қаза тапқан әскерилердің денесімен алмасты

Алмасу Запорожье облысындағы майдан шебінде "50 де 50" формуласы бойынша өткен. Бұл ақпаратты Украинаның реинтеграция және уақытша оккупацияланған аумақтар министрлігі хабарлады. 

"Біздің 50 қорғаушымыздың 37-сі Азовстальді қаһармандықпен қорғаған батырлар", - деп жазды министрлік.

Фото: Reuters

Украина АҚШ-тан келетін қару-жарақ мерзімін атады 

Ленд-лиз аясында америкалық қарудың алғашқы партиясын қабылдау туралы ақпарат екі-үш аптадан кейін пайда болады. Мұндай мәліметтерді президент кеңсесі басшысының кеңесшісі Алексей Арестович айтты. Оның сөзінше, АҚШ-тан Украинаға әскери техника үлкен кемелермен жеткізілетін болады.

"Қару-жарақты дайындауға екі аптадай уақыт кетеді, одан кейін кеме 10-12 күн Атлант мұхиты арқылы жүзіп, Еуропаға келеді. Сосын ғана Украинаға жетеді. Бұл кем дегенде бір ай уақыт алатын іс екенін түсінуіміз керек", - дейді Арестович.

Украиналық ритейлдердің шығыны 1,7 миллиард доллардан асты

Украинаның үш жүз желілік компаниялары соғыстың алғашқы екі айындағы шығындарын 50 миллиард гривен немесе 1,7 миллиард долларға бағалады.

Шығындар тек халықаралық сауда жүйесінің тұралап қалуымен байланысты емес. Украина зерттеу орталығының мәліметінше, Ресей қолына өткен сауда қоймалары да ел экономикасына көп шығын әкелген.

Хакерлер "Коммерсант FM" радиосын бұзды

"Коммерсант FM" радиосының интернет-эфирінде Украинаның әнұраны және украин тіліндегі әндер шырқалды. Радиостанцияға хакерлер шабуыл жасаған. 

Украинаның әнұранынан басқа, эфирде "Ногу свело" тобының "Нам не нужна война" әні және Pink Floyd жазған "Hey, Hey, Rise Up!" әні болды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети