24 қаңтар 2015 11:54

Хиллари Клинтон Ресей президентіне пародия жасады

ПОДЕЛИТЬСЯ

АҚШ-тың бұрынғы мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон Ресей президенті Владимир Путинге пародия жасады: Канаданың Виннипег қаласына сапары барысында Клинтон Ресейдегі президент сайлаулары туралы айта отырып, Путиннің сөйлеу мәнерін көрсетіп берді, - деп хабарлайды Business Insider


АҚШ-тың бұрынғы мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон Ресей президенті Владимир Путинге пародия жасады: Канаданың Виннипег қаласына сапары барысында Клинтон Ресейдегі президент сайлаулары туралы айта отырып, Путиннің сөйлеу мәнерін көрсетіп берді, - деп хабарлайды Business Insider

Клинтон мемлекет басшысы сайлауына қатысу ниеті туралы сұраққа жауап бере отырып, Ресей мен АҚШ-тағы сайлау процестерінің нақты айырмашылығы туралы айтты. Ойын дәйектеу үшін ол Путиннің ішкі диалогын елестетуді ұсынды. "Бір күні ол өзіне-өзі: "Владимир, сіз тағы да президент болуды қалар ма едіңіз?" дейді, "Қалар едім деп ойлаймын" - "Онда неліктен мұны жария етпеске?! Дмитрийге оның премьер-министр болатынын айтайық" - "Тамаша идея", - деген диалогты сахналап берді Клинтон.

Ақпарат құралдарының хабарлауынша, Путин мен Клинтон бұған дейін де бір-біріне қатысты жағымсыз пікірлер айтқан. Өткен жылдың сәуірінде Американың бұрынғы мемлекеттік хатшысы Ресей президентінің жүріс-тұрысын бастауыш мектеп баласының әрекетіне теңесе, маусым айында Путин француз телеарналарының бірінің эфирінде "Клинтон ешқашан аса әдемі пікірлер айтқан емес, бірақ әйел адаммен сөз таластырмаған абзал" деп мәлімдеді. 

Айта кетейік, Хиллари Клинтон 2016 жылы өтетін АҚШ президенті сайлауына қатысуы мүмкін. Ол бұл туралы ресми түрде мәлімдемегенімен, өткен жылдың қыркүйегінде Демократиялық партия атынан саяси додаға қатысу ниеті барын ишаралады. Клинтон 2008 жылы сайлауға қатысып көрді, ол Барак Обаманың партия ішіндегі негізгі бәсекелесі болды. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети