18 қазан 2021 10:28

"Игры в кальмара" сериалын шығарушылар миллиард долларға жуық пайда табады - БАҚ

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Netflix стриминг компаниясы оңтүстіккореялық "Игры в кальмара" (Squid game) сериалынан шамамен 900 миллион доллар табуы мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап.


Netflix стриминг компаниясы оңтүстіккореялық "Игры в кальмара" (Squid game) сериалынан шамамен 900 миллион доллар табуы мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

Bloomberg жариялаған америкалық Netflix ағындық қызметінің құжаттарына сәйкес, платформа Оңтүстік Кореяның "Игры в кальмара" сериалынан шамамен 891,1 миллион доллар табуды жоспарлап отыр.

Netflix сериалды шығаруға барлығы 21,4 миллион доллар, бір эпизод үшін 2,4 миллион доллар жұмсағанын айтты.

Сондай-ақ, Netflix есептерінде адамдар сериалды көруге 1,4 миллиард сағаттан астам уақыт жұмсағанын, сериалдың алғашқы 23 күнінде шамамен 132 миллион адам "Игры в кальмара" аз дегенде екі минут көрген.

Ағындық қызмет бұқаралық ақпарат құралдары құжаттардан алынған құпия деректерді жарияламауы керек деп мәлімдеді.

"Netflix бұл көрсеткіштерді компаниядан тыс жерде талқыламайды, құпия деректерді рұқсатсыз қолданғандарға шаралар қолданылады", - деді компанияның адвокаты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети