1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Жаһан

Илон Маск ең бай адам атағынан айырылды 17 ақпан 2021, 09:20

Бір айдан аса уақыт бойы әлемдегі ең бай адамдар тізімінде бірінші орында болған SpaceX пен Tesla компаниясының басшысы Илон Маск екінші орынға
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
Новостью поделились: человек

Фото ©REUTERS Фото ©REUTERS

Бір айдан аса уақыт бойы әлемдегі ең бай адамдар тізімінде бірінші орында болған SpaceX пен Tesla компаниясының басшысы Илон Маск екінші орынға түсіп, Amazon негізін қалаушы Джефф Безос көш бастады. Бұған Блумберг агенттігі есептеген Bloomberg Billionaires Index (BBI) мәліметтері дәлел, - деп хабарлайды РИА Новости.

Агенттік мәліметінше, Безостың байлығы - 191 миллиард, Масктың байлығы - 190 миллиард доллар. Осылайша, Безос 2017 жылдан бастап 2021 жылдың 7 қаңтарына дейін ұстап тұрған бірінші орнын қайтарып алды. Соңғы бір айда Илон Маск тізімде көш бастап тұрған. 

Үшінші орында Microsoft негізін қалаушы Билл Гейтс тұр. Оның байлығы 137 миллиард долларға бағаланған, тізімдегі төртінші адам - ​​Louis Vuitton Moët Hennessy президенті Бернар Арно (116 миллиард). Facebook негізін қалаушы Марк Цукербергтің байлығы 104 миллиард долларға бағаланып, ол бесінші орында тұр. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!