24 желтоқсан 2018 13:42

Индонезияда цунамиден қаза тапқандардың саны 280-ге жетті

© Jakarta Post

Индонезияда болған цунамиден 280 адам қаза тауып, тағы мыңнан аса адам зардап шекті, - деп хабарлайды Lenta.ru Associated Press басылымына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Индонезияда болған цунамиден 280 адам қаза тауып, тағы мыңнан аса адам зардап шекті, - деп хабарлайды Lenta.ru Associated Press басылымына сілтеме жасап.

Басылымның мәліметінше, 57 адам із-түссіз жоғалып кеткен. Бірақ, биліктегілердің айтуынша, жоғалып кеткендердің саны әлі де артады. Мыңдаған өрт сөндіруші, әскерилер мен еріктілер үйіндінің астынан іздестіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Реклама
Реклама

Еске салайық, мұның алдында Индонезияда болған цунамидің видеосы әлемдік БАҚ пен Желіде тарап кеткені жайлы хабарланған болатын. Кейінірек Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Индонезия президенті Джоко Видодоға көңіл айтқан болатын.

"Қаза болғандардың туған-туысқандарына және бүкіл Индонезия халқына көңіл айтып, орны толмас қайғыға ортақтастығымды білдіремін. Зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектеспін", - делінген еді жеделхатта.

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram