06 қараша 2019 17:17

Иорданияда бір топ адамға пышақпен шабуыл жасаған қаскөй ұсталды

Оқиға орны © AlMamlakaTV Оқиға орны © AlMamlakaTV

Иорданияның Джараш қаласында ер адам пышақпен шабуыл жасады, - деп хабарлайды Lenta.ru.


Иорданияның Джараш қаласында ер адам пышақпен шабуыл жасады, - деп хабарлайды Lenta.ru.

Оқиға ежелгі қала маңында болған. Белгісіз адам барлығы бес адамды жарақаттаған. Олар: үш турист пен жергілікті гид және оқиға орнына келген қауіпсіздік қызметінің маманы. 

Зардап шеккендердің нақты саны белгісіз. Қауіпсіздік қызметінің хабарына қарағанда, жарақат алған туристер - испаниялықтар. Кейбір деректер бойынша, оның екеуі ауыр халде жатыр. Ammon басылымының мәліметінше, қаскөй ұсталған.

Осыған ұқсас оқиға қазанда Гамбург қаласында болған. Ер адам пышақпен шабуыл жасап, нәтижесінде үш адам жарақат алған. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети