Ирак премьер-министрі Хайдер әл-Абади Мосулға келіп, қарулы күштерді қаланы ДАИШ лаңкестерін азат етуімен құттықтады, - деп хабарлайды "Рейтер" агенттігі.
Ирак премьер-министрі Хайдер әл-Абади Мосулға келіп, қарулы күштерді қаланы ДАИШ лаңкестерін азат етуімен құттықтады, - деп хабарлайды "Рейтер" агенттігі.
Осыған дейін Ирак әскері ДАИШ содырларының Мосулдағы әл-Нури деген басты мешітті және оның маңында орналасқан әл-Хабда ғибадатханасын жарып жібергенін хабарлаған еді. Дәл осы жерде Әбу Бакр әл-Багдади 2014 жылы ДАИШ "халифатын" жариялаған еді. Мешіт пен ғибадатхана радикалдардың символына айналған болатын. "ИМ-ның (ДАИШ) ан-Нури мешітін және әл-Хабда ғибадатханасын жарып жіберуі - олардың жеңілісті ресми мойындауы", - деп келтіреді Ирак премьерінің сөзін баспасөз қызметі.
© REUTERS/Ahmed Saad
Ирак премьер-министрі Хайдер аль-Абади Мосулда. © REUTERS TV/via REUTERS
Өткен аптада Найнава провинциясын босату бойынша операцияның қолбасшысының айтуынша, "әл-Нури мешіті мен оның әл-Хабда деген ғибадатханасын содырлар Ирак әскерлері Ескі қалаға кіріп, ДАИШ бандаларын айқын жеңгеннен кейін жарып жіберген". Ирак әскері Facebook желісіндегі аккаунтында қираған мешіттің суретін жариялады.
© REUTERS/Alaa Al-Marjani